|
21.04.2020 | 23:46
1134

Алматы облысында әскерді соққыға жыққан бұзақы ұсталды

Көлік жүргізушісі Райымбек ауылындағы карантиндік аумақта патрульдеп жүрген әскери қызметкерге қол жұмсаған

Алматы облысында әскерді соққыға жыққан бұзақы ұсталды polisia.kz

Алматы облысында бекетте билік өкілін соққыға жыққан бұзақы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.  

Көлік жүргізушісі Райымбек ауылындағы карантиндік аумақта патрульдеп жүрген әскери қызметкерге қол жұмсаған. 16 сәуір күні сағат 16-30 шамасында төтенше жағдай кезінде арнайы шақырылған құрамында екі әскери сарбаз бар патруль өздеріне бекітілген Қарасай ауданының Райымбек ауылының аумағын патрульдеген.

«Патруль талабы бойынша тоқтаған Лада Гранта көлігінің 51 жастағы иесі автокөліктен шығып, өзгелерінің алыста тұрғанын пайдаланып, 24 жастағы әскери сарбазды соққыға жыққан. Жергілікті тұрғын оқиға орыннан із суытқан. Қазіргі уақытта күдікті азамат ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды», – деді Қарасай АПБ Тергеу бөлімінің тергеушісі Айдын СЕЙІТОВ.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны, яғни 2004 жылы сотталғаны анықталды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир