Абай даңғылы, Төле би мен Жұбанов көшелері: Алматыдағы жаңа магистральдар қашан қолданысқа беріледі

18.08.2026 15:16

Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары кезінде бірнеше нысанның құрылыс барысымен танысты

Алматыда ірі қалалық магистральдарды жалғау жұмыстары жалғасып жатыр. Жаңа жол учаскелері шаһардың шеткі аудандарын негізгі көлік желісімен байланыстырып, жүргізушілердің жолға кететін уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары кезінде бірнеше нысанның құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Атап айтқанда, Абай даңғылынан Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейінгі, Жұбанов және Төле би көшелеріндегі, сондай-ақ Рысқұлов даңғылындағы жол құрылысы қаралды. Қазір нысандарда топырақ төсеу, инженерлік желілерді тарту және жол негізін дайындау шаруалары атқарылып жатыр. Қала басшысы жауапты мамандарға жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстауды міндеттеді.

«Бұл – Карьер көшесінен Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейінгі жолдың құрылысы. Жалпы ұзындығы – 3,4 шақырым. Қазір топырақ төсеу, жиектас орнату және асфальт-бетон жабындысына негіз дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс тоқтаусыз атқарылуда. Ешқандай мәселе жоқ. Құрылысты биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз», – деді учаске бастығы Роман Кадаков.

Оқи отырыңыз: Алматыда 10 энергетикалық жоба іске асырылады

Толық көрсету