Алматы көшелерінің бірінде қозғалыс шектеледі

Almaty.tv
Almaty.tv

Шектеу Краснодар және Черноморская көшелеріндегі кәріз желілерін қалалық коллекторға қосуға қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

8 қараша сағат 23:00-ден 10 қараша сағат 21:00-ге дейін Жансүгіров көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі съезд жолында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасына сілтеме жасап.

Шектеу Краснодар және Черноморская көшелеріндегі кәріз желілерін қалалық коллекторға қосуға қатысты.

Бұл учаскеде кәріз тарату желілерін салу және су құбырын қайта құру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар Қозыбаев, Рысқұлов, Тәтібеков  көшелері және Райымбек даңғылы  алаңдарын қамтиды. Жоба Жетісу ауданының 15 мың тұрғынының тұрмыс жағдайын жақсарту үшін 58 көшеде 42,9 км су құбыры және 15,1 км кәріз желілерін салу қарастырылған.

Оқи отырыңыз: “Абай“ шахтасында 155 адам электр қуатына байланысты эвакуацияланды

Новости партнеров