Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады
Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылы мен Момышұлы көшесінің жекелеген бөліктерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атап айтқанда, 24 қазанда сағат 08:00-ден 26 қазанда сағат 20:00-ге дейін Абылай хан даңғылының Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.
Сонымен қатар 24-29 қазан аралығында сағат 22:00-ден 10:00-ге дейін Момышұлы көшесінің Мөңке би көшесінен оңтүстікке қарай орналасқан бөліктерінде және Рысқұлов даңғылымен қиылысында көлік қозғалысы шектеледі.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске саламыз, көлік қозғалысына қатысты шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.
Оқи отырыңыз: Алматыда Республика күніне орай 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды