Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері қойылады
Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру аясында Абылай хан даңғылының кей учаскелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
10 қыркүйек сағат 22:00-ден 11 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Мақатаев пен Мәметова көшелерінің арасындағы учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Сондай-ақ осы уақыт аралығында Райымбек даңғылынан Тузов көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс шектеледі.
Жұмыс жүргізу мерзімі технологиялық үдеріске байланысты өзгеруі мүмкін. Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері қойылады.
Жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.
Еске салайық, көлік қозғалысына қатысты барлық ақпарат @Almaty_Joly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланады.
Оқи отырыңыз: Алматылық дәрігерлер бес жасар баланың саусағын сақтап қалды