Наурызбай және Түрксіб аудандарында жылу желілерін қайта жаңарту жұмыстарына байланысты жол жүру уақытша шектеледі
Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында Алматыда инженерлік желілерді жоспарлы түрде қайта жаңарту жалғасуда. Осыған байланысты қаланың екі ауданында автокөлік қозғалысы екі бағытта да уақытша жабылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарлауынша, 2025 жылы 11 шілдеде сағат 22:00-ден 14 шілдеде сағат 06:00-ге дейін:
Уақытша шектеулер жолдың осы учаскелерінің астынан өтетін магистральдық құбырларды жоспарлы түрде қайта жаңарту жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіледі.
Биыл пайдалануға 1965 және 1984 жылдары берілген жылу желілерін ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл Наурызбай ауданындағы 4 көпқабатты үйді, бір аурухананы және 2 жеке тұрғын үйді, сондай-ақ Түрксіб ауданындағы 42 көпқабатты үйді, бір балабақшаны, бір емхананы және тағы 4 нысанды қысқы уақытта тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қайта жаңарту жұмыстары жүргізілген кезде тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылмайды.
Жалпы, биыл қала бойынша 39 шақырым жылу желісін жаңарту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54%-ға дейін төмендетеді.
Естеріңізге сала кетейік, көлік қозғалысын шектеу туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ. «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланған.
Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері жүзден аса бала терезеден құлап, 11-і көз жұмған