Алматыда Береговой және Ю. Ким көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы шектеледі

26.11.2025 17:14

Уақытша шектеу жол жөндеу жұмысына байланысты енгізіледі

Аlmaty.tv

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарлауынша, 2025 жылы 27 қараша күні сағат 09:00-ден 28 қараша сағат 18:00-ге дейін Береговой және Ю. Ким көшелерінің қиылысында солтүстік бағыттағы көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Оңтүстік бағыттағы қозғалыс ашық болады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Уақытша шектеу жол төсемінің астында орналасқан жабын плитасын ауыстыру жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр. Жоспарлы тексеріс кезінде аталған плитаның зақымданғаны анықталған.

Естеріңізге сала кетейік, көлік қозғалысын шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланып отырады.

Келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрап, түсіністік танытуды өтінеміз.

Оқи отырыңыз: Алматы көшелерінің бірінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі