Алматыда Бөгенбай батыр көшесінің учаскелері біраз уақытқа жабылады

27.07.2025 15:42

Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз

Аlmaty.tv

Бөгенбай батыр көшесінің учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

  • 1 учаске: 27 шілдеде 23:00-ден 28 шілдеде 6:00-ге дейін Бегалин көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.
  • 2 учаске: 28 шілдеде 23:00-ден 29 шілдеде 6:00-ге дейін Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген тақта орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, жол қозғалысына қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Таза Қазақстан: Алматыда Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шаралар легі кең көлемді экоакциямен басталды