Алматыда Қажымұқан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

18.07.2025 15:31

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады

Almaty.tv

Қажымұқан көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

18 шілде күні сағат 23:00-ден 19 шілде сағат 6:00-ге дейін Назарбаев даңғылынан бастап 8-ші Гвардиялық Дивизия көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысқа шектеу қою туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карты» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Сырдария өзені арқылы 500 метрлік теміржол көпірі салынады