Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда
Сырдария өзені арқылы 500 метрлік теміржол көпірі салынады. Бұл – Дарбаза – Мақтаарал бағытындағы жаңа 152 шақырымдық теміржол желісінің бір бөлігі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Жаңа жол Сарыағаш – Ташкент бағытындағы жүктемені азайтып, экспорттық тасымалдарды арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Мақтаарал және Жетісай аудандарын еліміздің теміржол желісімен тікелей байланыстырып, Өзбекстан аумағы арқылы өту қажеттілігін жояды.
Қазірдің өзінде 6 миллион текше метрден астам топырақ төселді – бұл жалпы көлемнің 50%-ы. Жасанды құрылымдар орнатылып жатыр: 35 көпір және 135 құбыр жоспарланған. Арыс станциясында 105 шақырым рельс-шпал торы жинақталып, төсеуге дайын. Құрылысқа 600-ден астам маман және 300-ден аса техника жұмылдырылған.
ҚТЖ темір жолының құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарлануда.
Оқи отырыңыз: «Жайсан» өткізу пункті арқылы Ресейден вейптерді заңсыз әкелу дерегі тоқтатылды