Алматыда Назарбаев даңғылында қозғалыс шектеледі

Almaty.tv
Almaty.tv

Аймақта 1978 жылы пайдалануға берілген құбыр желісі жөнделеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 1978 жылы пайдалануға берілген құбыр желісінің жөнделуіне байланысты Назарбаев даңғылында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлады Almaty.tv.

6 қыркүйек 22:00-ден 7-ші қыркүйек 09: 00-ге дейін Алматыда Назарбаев даңғылында Толе би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейін екі бағытта да көлік қозғалысы шектеледі.

Жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылу маусымына дайындау шеңберінде 1978 жылы пайдалануға берілген магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @ AlmatyJoly Telegram-каналында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» сервисінде орналастырылған.

«Алматы жылу желілері» ЖШС уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.

Оқи отырыңыз: Алматыда студенттерге арналған «Дос-Мұқасан ұясы» жатақханасы ашылды

Новости партнеров