Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

24.06.2026 21:10

Тұрғындар жол бағытын алдын ала жоспарлап алған жөн

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Атап айтқанда, 25 маусымда сағат 08:00-ден 22:00-ге дейінгі аралықта Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс толықтай жабылады.

Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Тұрғындар жол бағытын алдын ала жоспарлап алған жөн.

Еске  салайық, жол қозғалысына енгізілетін шектеулер туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда, сондай-ақ 2GIS сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматының орталығында заңсыз сауда нысандары сүрілді