Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі жабылады

16.05.2026 18:57

Тұрғындардан жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз

Almaty.tv

Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

17 мамырда сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген тақта орнатылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске саламыз, қозғалысқа енгізілетін барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» қосымшаларында жарияланады.