Алматыда Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

29.05.2026 20:52

Батыс бағытта Шәріпов көшесі арқылы жүруге болады

Almaty.tv

Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары аясында Алатау ауданындағы Шәріпов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, еп хабарлайды Аlmaty.tv

Осыған байланысты 30 мамыр сағат 08:00-ден 5 маусым сағат 08:00-ге дейін Жанділдин көшесінен Әлмерек абыз көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толық жабылады.

Бұл аумақты шығыс бағытта Шұғыла көшесі арқылы, әрі қарай Байтанов, Майкопская, Ахрименко көшелері және Райымбек батыр даңғылы арқылы айналып өтуге болады. Батыс бағытта Шәріпов көшесі арқылы жүруге болады.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Осыған байланысты тұрғындардан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске саламыз, жол қозғалысына енгізілген шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS қосымшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Жасыл ел: Алматыда еңбек маусымы қашан басталады