Алматыда Серкебаев даңғылының бір бөлігі біраз уақытқа жөндеуге жабылады

Talal elmountassir/unsplash.com/
Talal elmountassir/unsplash.com/

Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Серкебаев даңғылының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

17 шілде сағат 08:00-ден 18 шілде сағат 06:00-ге дейін қозғалыс әл-Фараби даңғылынан Ходжанов көшесіне дейінгі учаскеде жабылады.

18 шілде сағат 08:00-ден 19 шілде сағат 06:00-ге дейін Ходжанов көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

19 шілде сағат 08:00-ден 20 шілде сағат 06:00-ге дейін Өтепов көшесінен Тимирязев көшесіне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады. 

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған тақталар қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, көлік қозғалысын шектеу жөніндегі барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланған.

Оқи отырыңыз: Дархан Сатыбалды: «Бюджет қаржысына атқарылатын әрбір жұмыс сапалы әрі тұрақты бақылауда болуға тиіс»

Новости партнеров