Алматыда Әшімов көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі

Almaty.tv
Almaty.tv

Күндіз жол көлік қозғалысы үшін ашық болады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Төле би көшесін қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары аясында Әшімов көшесінің бір бөлігінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында күн сайын сағат 00:00-ден 05:00-ге дейін Құлыбеков көшесінен Машан көшесіне дейінгі жол бөлігі жабылады. Жұмыс тек түнгі уақытта жүргізіледі. Күндіз жол көлік қозғалысы үшін ашық болады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS қосымшасында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Қатаң талаптар күшіне енді: Елде самокат жүргізушілеріне тротуармен жүруге тыйым салынды