Алматыда Төле би көшесінің бірқатар бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

12.09.2026 16:57

Жөндеу жүргізілетін учаскелерде ескерту белгілері орнатылады

Аlmaty.tv

Алматыда LRT жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінің бірқатар учаскесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, 12 және 13 қыркүйек күндері сағат 23:00-ден 08:00-ге дейін Масанчи көшесінен Байтұрсынұлы көшесіне дейінгі және Наурызбай батыр көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.

Жұмыстардың орындалу мерзімі технологиялық үдерістің ерекшеліктеріне байланысты өзгеруі мүмкін.

Жөндеу жүргізілетін учаскелерде ескерту белгілері орнатылады.

Жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске саламыз, көлік қозғалысына енгізілетін шектеулер туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталары» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматының Медеу ауданындағы көшенің бір бөлігі уақытша жабылды

Толық көрсету