Маршрутты алдын ала жоспарлап алған жөн
Жароков көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
1-КЕЗЕҢ: 20 тамыз сағат 08:00-ден 21 тамыз сағат 06:00-ге дейін әл-Фараби даңғылынан Қожанов көшесіне дейінгі бөлік жабылады.
2-КЕЗЕҢ: 21 тамыз сағат 08:00-ден 22 тамыз сағат 06:00-ге дейін Қожанов көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі аралық жабылады.
Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген тақтайшалар орнатылады. Маршрутты алдын ала жоспарлап алған жөн.
Естеріңізге сала кетейік, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, 2GIS сервисінде жарияланады.
Оқи отырыңыз: Қазақ тілінің үздік оқытушысы: Алматы қаласы әкімі аппараты қалалық байқауын жариялайды