Алматыда Жароков - Әл-Фараби жолайырығы уақытша жөндеуге жабылады

30.07.2025 22:01

Бағытты алдын ала жоспарлаған жөн

Almaty.tv

Жароков көшесі мен Әл-Фараби даңғылының қиылысындағы жолайырығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

31 шілдеде сағат 08:00-ден бастап 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін шығыс бағыттағы Әл-Фараби даңғылының және солтүстік бағыттағы Жароков көшесінің бұрылыстары, сондай-ақ Жароков көшесімен солтүстіктен келіп, батыс бағыттағы Әл-Фараби даңғылына шығатын бұрылыстар жабылады.

Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген тақталар орнатылады. Бағытты алдын ала жоспарлаған жөн.

Айта кетейік, жол қозғалысына қойылатын шектеулер туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS сервисінде жарияланған.

Оқи отырыңыз: Алматыда ғимараттар санағы жүргізіледі