Алматыда Желтоқсан көшесі уақытша жөндеуге жабылады

Almaty.tv
Almaty.tv

Бағытты алдын ала жоспарлап алған жөн

Жаңалықтармен бөлісіңіз

BRT (Bus Rapid Transit — автобустың арнайы жолағы) жобасын жүзеге асыру аясында Желтоқсан көшесінде құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған байланысты 29 шілде күні сағат 08:00-ден 30 шілде сағат 21:00-ге дейін Сәтпаев көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс жабылады. 

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлап алған жөн.

Сонымен қатар қозғалысқа шектеу қою жөніндегі толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде және 2GIS-те жарияланған.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Лавренев көшесінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі

Новости партнеров