Алматыда Жұбанов көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

25.07.2025 15:40

Маршруты алдын ала жоспарлап алған жөн

Almaty.tv

Жұбанов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

26 шілдеде сағат 08:00-ден бастап 27 шілдеде сағат 06:00-ге дейін Момышұлы көшесінен бастап Алтынсарин даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс уақытша тоқтатылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршруты алдын ала жоспарлап алған жөн.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыда Лавренев көшесінде көлік қозғалысы шектеледі