Көлік инфрақұрылымы: биыл қандай бағыттар ашылады

Almaty.tv
Almaty.tv

Елімізде 11 мың шақырымнан астам жол қайта жаңғыртудан, күрделі және орташа жөндеуден өтуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылы Қазақстанда 11 мың шақырымға жуық автомобиль жолы құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Жұмыстар Президенттің көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүргізілуде. Бұл туралы Үкіметте Президент Жолдауында берілген тапсырмалар аясында экономиканың нақты секторын дамыту мәселелеріне арналған баспасөз конференциясында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Нұрлыбек Нәлібаев жылдың соңына дейін еліміздегі жақсы жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 95%-ға, ал жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 92%-ға жететінін баяндады.

«Осы жылдың соңына дейін «Рахман қайнары», «Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы», «Қызылорда – Жезқазған» және «Ақтөбе – Ұлғайсын» жолдары ашылады. Еліміздің транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту үшін бірқатар жаңа жобалар жоспарланды. Транзиттік автомобиль жолдарын дамыту аясында «Орталық – Батыс»,«Қарағанды – Жезқазған», «Ақтөбе – Ұлғайсын» бағыттарында, Сарыағаш қаласының айналма жолында құрылыс және реконструкциялау жұмыстары басталды», — деді ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев.

Оқи отырыңыз: Халықтық құрылыс: елімізде мемлекеттік комиссия құрылады