Алматыдағы Айнамалы көшесінде инженерлік желілер құрылысына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алатау ауданындағы Теректі шағынауданында Айнамалы көшесінде (Мартөк көшесінен Орталық көшесіне дейінгі аралықта) су құбыры мен кәріз жүйесінің тарату желілерін салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетіндіктен, 2026 жылы 3 маусым мен 3 шілде аралығында аталған учаскеде автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Жүргізушілер мен жүргіншілерден бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеру сұралады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша жол белгілері, бағыттағыштар мен қоршаулар орнатылады.
Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңызға алғыс айтамыз.
Оқи отырыңыз: Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 931 млрд теңгеден асты
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23