СҚО-да жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты

Фото: СҚО Полиция департаменті
Фото: СҚО Полиция департаменті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты. Жарақат алған тағы үш азамат ауруханада жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Qazaqstan Media-ке сілтеме жасап.

Жантүршігерлік жол апаты 25 қыркүйекте Астана – Петропавл тасжолында болған.

Daewoo Nexia мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысып, екі адам оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен тағы үш азамат Аққайың аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Жарақат алған үш адамға аудандық ауруханада көмек көрсетілген. Кейін зардап шеккен 17 жастағы жасөспірімді облыстық көпбейінді балалар ауруханасына әкелді. Апат кезінде жарақаттанған 19 және 62 жастағы екі азаматтың біреуі облыс орталығына жеткізілді. Бүгінде үшінші тұрғынды да қалалық көпбейінді ауруханаға тасымалдау туралы шешім қабылдануда», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Талайдың өмірін қиған Қызылорда – Жезқазған тасжолы қашан салынатыны айтылды

Новости партнеров