Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде екі түнге қозғалыс шектеледі

20.08.2026 19:00
Almaty.tv

Алматыда ЛРТ жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі

Атап айтқанда, 21 және 22 тамыз күндері сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін инженерлік желілерді қайта құру жұмыстарына байланысты Наурызбай батыр көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі аралықта көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, көлік қозғалысына қойылатын шектеулерге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS  сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыда балалар контентінің сапасы талқыланды

Толық көрсету