Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

02.10.2026 17:40

depositphotos.com

Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осылайша, 3 қазан сағат 09:00-ден 4 қазан сағат 09:00-ге дейін Төле би көшесінің Сейфуллин даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы жабылады.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, көлік қозғалысына енгізілетін шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.

Толық көрсету