Алматыда Жуалы көшесінің бір бөлігінде уақытша көлік қозғалысы шектеледі

Almaty.tv
Almaty.tv

Осыған байланысты тұрғындар мен жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Төле би көшесін қала шекарасына дейін ұзарту жобасы аясында Жуалы көшесінің бір бөлігінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - передает Almaty.tv.

Инженерлік желілерді қайта орналастыру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 29 маусым күні сағат 08:00-ден 29 шілде күні сағат 08:00-ге дейін Жуалы көшесінің Төле би көшесінен Райымбек батыр даңғылына дейінгі бөлігінде қозғалыс шектеледі.

Бәйкен Әшімов, Жұманиязов көшелері арқылы айналып өтіп, әрі қарай Төле би көшесіне шығады.



Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйымның жауапты басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Осыған байланысты тұрғындар мен жүргізушілерден қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске саламыз, жол қозғалысына енгізілетін уақытша шектеулер туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, Алматы қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында жарияланып отырады.

Оқи отырыңыз: Алматыда «БЕС АСЫЛ» республикалық ұлттық өнер байқауы өтті