Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады

10.10.2024 16:38

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз

elements.envato.com

Ауылшаруашылығы жәрмеңкесін өткізуге байланысты Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскедегі Сәтбаев көшесінің бір бөлігі 11 қазанда сағат 20:00-ден бастап 13 қазан сағат 20:00-ге дейін жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұдан басқа, №45, №95 және 121 бағыттардың сызбаларына өзгеріс енгізіледі. Жабылатын учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүргізілетін болады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және өз бағыттарыңызды алдын ала белгілеп алуды өтінеміз.

Оқи отырыңыз: Алматылық дәрігер бас және мойын қатерлі ісігінің белгісін атады