Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Жетісу көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Атап айтқанда, 8 сәуір күні сағат 8:00-ден 20 сәуір күні сағат 8:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Янушкевич көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс ішінара шектеледі.
Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске саламыз, қозғалысқа қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, Telegram-дағы @AlmatyJoly арнасында, сондай-ақ 2GIS сервистерінде жарияланған.
Оқи отырыңыз: Алматыда жасыл қорды төрт кезеңмен биологиялық дәрілеу басталады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00