Алматыда бір көшеде қозғалыс шектеледі

20.09.2024 15:44

Уақытша шектеу құбыржолды ауыстыру бойынша жаңғырту жүргізілген жолдың асфальт-бетон жабынын қалпына келтіру үшін енгізіледі

elements.envato.com

21 қыркүйек күні сағат 06:00 бастап 22 қыркүйектің сағат 14:00 дейін Алматы қаласының Жетісу ауданында автокөліктердің қозғалысы Павлодарская көшесінің бойымен №136 үйден бастап Мақатаев көшесіне дейін шектеледі. Қозғалыс екі жаққа қарай жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу жүйесі» ЖШС сілтеме жасап.

Уақытша шектеулер жалпы ұзақтығы 2 135 метрді құрайтын құбыржолды ауыстыру бойынша жаңғырту жүргізілген жолдың асфальт-бетон жабынын қалпына келтіру үшін енгізіледі. Бұл құбыржол 344 көппәтерлі тұрғын үйді, 11 білім беру объектісін, 3 денсаулық сақтау объектісін және 483 басқа объектіні жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. 

Еске саламыз, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз.