Мейрамбек Беспаевтың әйелі қуанышты жаңалығын жариялады

20.09.2024 15:55

Мархабат Беспаева үшінші сәбиіне жүкті екенін айтты

Фото: instagram.com/marhabat.besbaeva

Қазақстандық әнші Мейрамбек Беспаевтың әйелі Мархабат Беспаева үшінші баласына жүкті екенін жария етті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ол қуанышты жаңалығын желідегі парақшасында жазды. 

«Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі – ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін», – деп жазды Мархабат.

Әншінің жұбайы араға 9 жыл салып көтерген сәбиін асыға күтетінін, осындай қуанышты сәттің басқа әйелдерге де жұғысты болуын тіледі.

«Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын», – деді ол.

Айта кетсек, Мейрамбек пен Мархабат Беспаевтардың бір қызы мен бір ұлы бар.