Референдум-2022: Алматылықтар дауыс беріп жатыр

Almaty.tv.
Almaty.tv.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтардың дауыс беруінің басталуы және референдум учаскелерінің жұмысы туралы онлайн брифинг өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанованың айтуынша, Алматыдығы референдум учаскелері өз жұмысын сағат 07.00-ден бастады. Қандайда бір заңбұзушылық тіркелмеген.  

«Алматыда референдум учаскелері 06.00 ашылып, таңғы 07.00-ден бастап дауыс беру басталды.

Ешқандай заңбұзушылық тіркелеген  жоқ. Референдумге қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінде 1 126 854 адам бар. 1388 азаматқа есептен шығару куәлігі берілді.

Сағат 12.00-ге дейін үй жайында дауыс беруге  өтінім қабылданады. Аудандағы учаскелерден алынып жатқан ақпарат бойынша белсенділік ақырындап өсіп жатыр. Таңғы сағат 07.00-ден келген азаматтар бар», – деді Алматы қалалық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова.


Новости партнеров