Алматылықтардың дауыс беруінің басталуы және референдум учаскелерінің жұмысы туралы онлайн брифинг өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қалалық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанованың айтуынша, Алматыдығы референдум учаскелері өз жұмысын сағат 07.00-ден бастады. Қандайда бір заңбұзушылық тіркелмеген.
«Алматыда референдум учаскелері 06.00 ашылып, таңғы 07.00-ден бастап дауыс беру басталды.
Ешқандай заңбұзушылық тіркелеген жоқ. Референдумге қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінде 1 126 854 адам бар. 1388 азаматқа есептен шығару куәлігі берілді.
Сағат 12.00-ге дейін үй жайында дауыс беруге өтінім қабылданады. Аудандағы учаскелерден алынып жатқан ақпарат бойынша белсенділік ақырындап өсіп жатыр. Таңғы сағат 07.00-ден келген азаматтар бар», – деді Алматы қалалық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова.