Тұңғышбай Жаманқұлов: Халықтың көптен күткен арманы

01.06.2022 14:41

5 маусымда Қазақстанда өте маңызды әрі тарихи іс-шара өткізілмек

Конституцияны қайта қарау – халықтың көптен күткен арманы. Бұл туралы Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Конституцияны қайта қарау – халықтың көптен күткен арманы. Сондықтан референдумды қолдауымыз керек. Қазір бұрынғыдай сырттан қабылдай салатын заман емес, халық өз пікірін білдіруі керек. Конституциядағы баптарға өзгертулер енгізуді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен санасқаны сараптал шешімдерінің бірі деп ойлаймын», – дейді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Айта кетейік, 5 маусымда Қазақстанда өте маңызды әрі тарихи іс-шара өткізілмек. Бұл – Конституциямызға өзгерістер енгізуге арналған жалпыхалықтық референдум.