5 маусымда қазақстанда жалпыхалықтық референдум өтеді
Ата заңға өзгерістерді енгізуде халықтың пікірін білу – дұрыс шешім. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Ата заңға өзгерістерді енгізуде халықтың пікірін білу - дұрыс шешім. Жаңа Қазақстан құрып, халықтың әл-ауқатын арттырып, жағдайын жасаймыз десек, рухани жағынан дамытамыз, өркениетті елдермен тереземіз тең болсын десек Конституцияның кейбір кемшіл тұстарына өзгертулер енгізілуі керек. Оны халықпен ақылдасып, көпшіліктің көкейінен шығатындай етіп талқылап, өзгеріс енгізу – дұрыс шешім», – дейді Ұлықбек Есдәулет.