27 жыл ішінде алғаш рет Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер енгізу бойынша референдум өткізіліп отыр
Алматы мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров «Ғалым» жеке гимназиясында алғашқылардың бірі болып дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«27 жыл ішінде алғаш рет Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер енгізу бойынша референдум өткізілуде. Мен де өз таңдауымды жасадым және әрбір қазақстандық өзінің азаматтық борышын орындауы тиіс деп есептеймін», – деді мәслихат хатшысы.