Қазақстандық жұлдыздар халықты референдумға қатысуға шақырды

Назым Қыдырбайқызы
Қазақстандық жұлдыздар халықты референдумға қатысуға шақырды
Елімізде саяси өзгерістер болып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық эстрада жұлдыздары қазақстандықтарға үндеу жолдап, халықты міндетті түрде 5 маусымда референдумға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Дос-Мұқасан» тобының көркемдік жетекшісі Мұрат Құсайынов өзін Конституцияға байланысты екі мәселе толғандыратын айтты.

«Елімізде болатын референдум Конституцияға байланысты. Мені толғандыратын екі мәселе бар. Бірінші – Конституциялық сот туралы мәселе, ал екінші – қазақ тілінің мәртебесі. Мені осы екі мәселе алаңдатады. Сондықтан Мемлекет басшасы айтқандай бәріміз атсалысып «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруымыз» керек», – деді «Дос-Мұқасан» тобының көркемдік жетекшісі Мұрат Құсайынов.

Ал әнші Бағлан Әбдірайымов әрбір азамат өзінің құқығын қорғайтындей деңгейде болуы керек, сол үшін жастарды референдумға белсенді қатысуға шақырды. 

«Бұл – қазақтың көптен күткен, аңсаған армандарының бірі. Тәуелсіз елміз. Нағыз демократиялық ел болуға қадам басып жатырмыз. Әрбір азамат өзінің құқығын қорғайтындей деңгейде боулы керек. Қазақ жастарын референдумда белсенді болуға шақырамын. Елімізде саяси өзгерістер болып жатыр. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді. Халықты бірлікке шақырамын», – деді әнші Бағлан Әбдірайымов.

Әнші Мадина Садуақасованың айтуынша, референдум – Жаңа Қазақстанға апарар  алғашқы қадамдардың бірі.

«5 маусымда елімізде елеулі оқиға орын алғалы тұр. Референдум өтеді. Біздің Ата заңымызға өзгертулер енгізіледі. Бұл – Жаңа Қазақстанға деген алғашқы қадамдардың бірі. Референдум біз секілді қарапайым халық үшін  жасалып жатқан дүние. Сондықтан, құрметті достар, 5 маусымда рефендумға қатысып, өз таңдауымызды жасайық. Мен де қатысам, сіздер де келіңіздер!» – деді әнші Мадина Садуақасова.

Ал әнші Айдар Байжанов сот жүйесіне реформа қажет деп санайды.

«Референдум өзіме қатты ұнап тұр. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай өзгерістер енгізіп жатқанына қуанамын. Біздегі сот жүйесіне реформа қажет. Осы реформадан кейін Қазақстанның болашағы жарқын болады деп ойлаймын. Референдум қазаққа қажет, сондықтан осы сәтті пайдалана отырып, қазақ елін 5-маусымда рефендумға қатысуға шақырамын», – деді әнші Айдар Байжанов.

Новости партнеров