Техникалық дайындық деңгейі жоғары болды – Қырғызстан ОСК мүшесі

06.06.2022 16:11

5 маусым елімізде жалпыхалықтық референдум өтті

Tengrinews.kz

5 маусым күні сайлау кезінде шетелдік орталық сайлау комиссия мүшелерінде референдумның заңдылығына ешқандай күмән болмаған, тіпті сайлаудың техникалық дайындығына жоғары баға берген. Бұл туралы халықаралық медиа орталықта сөз сөйлеген Қырғыз Республикасының сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының мүшесі Айдана Жупуева мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы бақылаушылар миссиясы құрамындағы делегациясының басшысы – Чжан Мин миссияның референдумның заңдылығына күмән келтіретін ұлттық заңнама нормаларының бұзылуы байқалмағанын атап өтті. Жупуева да әріптестерімен келісетінін айтты.

«Барлық учаске жабдықталған. Техникалық дайындық деңгейі жоғары болды. Қазақстан азаматтарына табыс пен бақ-береке тілеймін», деп атап өтті Қырғыз Республикасының сайлау және референдум өткізу жөніндегі орталық комиссиясының мүшесі Айдана Жупуева.