Таңмен таласа зиялы қауым өкілдері де өз учаскесіне келіп, таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алматы қаласындағы жалпы білім беретін №125 мектепте дауыс берген қоғам қайраткерлері жалпыхалықтық референдумға қатысу әр қазақстандықтың азаматтық борышы дейді.
«№125 мектептегі өзіміздің сайлау учаскемізге келіп, өзгерістер мен әділетті қазақстан үшін, бала-шағамыздың болашағы үшін дауыс бердік», – деді жазушы Смағұл Елубай.
«Халық өз елінің тұтастығын сақтау үшін бір адамдай жұмылып, дауыс беру керек деп ойлаймын мен. Өйткені бұл дауыс беру – референдумның ғана тағдырын шешіп қоймайды. Халықтың, елдің, ұрпақтың ертеңін шешетін бұл үлкен жалпыхалықтық сайлаудың үлгісі деп бағалау керек», – деді Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин.