№125 мектепте дауыс берген қоғам қайраткерлері жалпыхалықтық референдумға қатысу әр қазақстандықтың азаматтық борышы дейді
Таңмен таласа зиялы қауым өкілдері де өз учаскесіне келіп, таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алматы қаласындағы жалпы білім беретін №125 мектепте дауыс берген қоғам қайраткерлері жалпыхалықтық референдумға қатысу әр қазақстандықтың азаматтық борышы дейді.
«№125 мектептегі өзіміздің сайлау учаскемізге келіп, өзгерістер мен әділетті қазақстан үшін, бала-шағамыздың болашағы үшін дауыс бердік», – деді жазушы Смағұл Елубай.
«Халық өз елінің тұтастығын сақтау үшін бір адамдай жұмылып, дауыс беру керек деп ойлаймын мен. Өйткені бұл дауыс беру – референдумның ғана тағдырын шешіп қоймайды. Халықтың, елдің, ұрпақтың ертеңін шешетін бұл үлкен жалпыхалықтық сайлаудың үлгісі деп бағалау керек», – деді Мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Оразалин.