Жаңа Қазақстанды бірге құруымыз керек – Мұрат Жұрынов

05.06.2022 16:55

Бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр

Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеріп Жаңа Қазақстанды құруымыз керек. Осылай деген ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов бүгін референдум учаскесіне барып дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жемқорлықты, жұмыссыздықты жойып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеріп Жаңа Қазақстанды құруымыз керек. Өзгертулердің бәрін оқып шықтым. Бәрі маған ұнап тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа біз сенуіміз керек», – деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов.

Айта кетейік, бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр.