Конституцияға енгізілген өзгерістер күшіне енді
Sputnik / Владислав Воднев
Қазақстанда республикалық референдум 5 маусымда өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Орталық референдум комиссиясы мемлекеттік БАҚ-та референдумның қорытындылары туралы ресми хабарлама жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осылайша Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді.
Негізгі өзгерістер:
- Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшеді;
- Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі;
- Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметші, квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылары лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ;
- Қазақстандықтар өз бетінше Конституциялық сотқа жүгіне алады;
- Өлім жазасына тыйым салынады. Ешкімнің адам өмірін қиюға құқығы жоқ;
- Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша құрылады;
- Сенаттағы Президенттік квота қысқарады, мәжілістегі ҚХА квотасы жойылады;
- Мажоритарлық жүйе депутатты сайлаушылардың қалауы бойынша шақыртып алуға мүмкіндік береді;
- Тұңғыш Президенттің ерекше рөлі мен артықшылықтары туралы ережелер алып тасталады.
Еске сала кетсек, Қазақстанда республикалық референдум 5 маусымда өтті. Дауыс беру құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы қатысты.
Дауыс берушілердің келу көрсеткіші - 68,05 пайыз. Оның ішінде азаматтардың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға өзгерістер енгізуге дауыс берді. Түзетулерге қарсы - 18,66 пайыз (1 490 470 адам).
Бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылды. Бюллетеньдердің 1,58 пайыз дауыс санау кезінде ескерілмеген.
Дереккөз: Sputnik
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
14.09.2026 13:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
14.09.2026 17:05
Миды тынықтыруға көмектесетін қарапайым әдістер қандай
13.09.2026 16:35
Жас көрінудің қарапайым құпиялары қандай
13.09.2026 14:15