Бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Сәкен Майғазиев референдум учаскесіне барып дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Елімізде екі ай бойы референдум бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді. Конституцияға өзертулер енгізілетіні айтылды. «Жаңа Қазақстан – әділетті Қазақстан» деп айтып жатырмыз. Бұл Ата заңға енгізілетін өзгертулер соның бастауы болмақ. Мен бүгін өз таңдауымды жасап, дауыс бердім», – деді әнші Сәкен Майғазиев.
Айта кетейік, бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр.