Елімізде 5 маусымда жалпыхалықтық референду өтеді
Елімізде 5 маусымда жалпыхалықтық референду өтеді. Соған байланысты Almaty.tv тілшісі қала тұрғындары мен қонақтарынан референдумға қатысты пікірін білді. Олар Жаңа Қазақстан құру үшін жаңа көзқарас керек екенін айтты. Сонымен қатар алматылықтар Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдум өткізуді қолдайтынын жеткізді.
«Жаңа Қазақстан – біздің еліміздің болашағы», «Жаңа Қазақстан – мен үшін жарқын болашақ», «Жаңа Қазақстан – мен үшін дамыған алдынғы қатарлы ел», «Жаңа Қазақстан – мен үшін мүмкіндік», – деп алматылықтар өз ойын білдірді.
Ал алматылықтар мен қала қонақтарының референдум жайлы пікірі қандай? Оны бейне роликтен көре аласыздар.