Референдумның толық қорытындысы шығарылды
Almaty.tv
Референдумға дауыс берушілердің 68,05 пайызы қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Орталық референдум комиссиясы республикалық референдум қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
ОСК мәліметінше, сайлау құқығы бар 11 734 642 азаматтың 7 985 769-ы дауыс берген. Референдумға дауыс берушілердің 68,05 пайызы қатысты.
Оның ішінде азаматтардың 77,18 пайызы (6 163 516 адам) Конституцияға енгізлетін түзетулерді жақтап дауыс берген. Түзетулерге қарсы – 18,66 пайыз (1 490 470 адам). Бюллетеньдердің 2,58 пайызы жарамсыз деп танылды. Дауыстарды санау кезінде бюллетеньдердің 1,58 пайызы есепке алынған жоқ.
"Бұл еліміздің негізгі заңына (Конституцияға – авт.сек.) енгізілген түзетулер қабылданды деп танылды деген сөз", – деді ОСК өкілі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
13.10.2026 10:48
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
13.10.2026 08:13
Ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері екі есе өсті
12.10.2026 13:10
Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма
12.10.2026 13:51