ҚР Халық әртісі, сазгер Алтынбек Қоразбаев бүгін №211 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Референдум басталғалы бері белсенді жұртшылық, оның ішінде өнер майталмандары дауыс беруден қалыс қалмады.
"Бүгін Қазақстан халқы үшін ерекше күн! Өйткені бәріміз жұдырықтай жұмылып, Конституцияға өзгерістің енгізілуіне атсалысудамыз. Болашақта елімізде оң өзгерістердің болатыны сөзсіз. Өзім дауыс берген Алматы қаласындағы №211 сайлау учаскесінде халықтың белсенділігі жақсы. Барлығымыздың мақсат-мүддеміз бір, мемлекетіміздің тәуелсіздігі мәңгілік, туымыздың тұғыры биік болғанын қалаймыз. Бұл референдум жарқын болашаққа жасалған нық қадам деп есептеймін. Үлкен өзгерістердің бірі Конституциялық соттың қайта жаңғыруы болмақ. Өз басым референдумнан кейін еліміз дамудың жаңа жолына түсетініне сенімдімін. Халықтың кемінде 70-80 пайызы референдумға қатысады деген үмітім зор", - деді Алтынбек Қоразбаев.
Айта кетейік, бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Алматыда 574 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр.