Аягүл Миразова: Жердің иесі халық болса, киесі – Ата заң

almaty-akshamy.kz
almaty-akshamy.kz
Алматыда 574 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанның Еңбек ері Аягүл Миразова №327 сайлау учаскесіне барып дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін халық өз таңдауын жасауда белсенді. Мұқым ел Ата заңға жаңа енетін өзгерістерге дауыс беріп жатыр. Алматының №372 сайлау учаскесіне келген Қазақстанның Еңбек ері Аягүл Миразова елімізде бастау алған тарихи күнде өз таңдауын жасады.

«Ата заңымызға халықтың өзінің қалауымен көптен бері айтып жүрген  ойларындағы кейбір өзгерістер 33 бабына өзгертулер кейбір қосымшалар енгізілді. Халық жан-жақты бұныменен хабарланды деп ойлаймын.  Бұл еліміздің келешегі халқымыздың болашағы, ол бәріміз үшін өте қымбат. Өте керек», – деді ҚР еңбек ері Аягүл Миразова.

Тарихи сәтте Алматы қалалық мәслихатының хатшысы да өз таңдауын жасап, дауыс берді.

«27 жыл ішінде үлкен тарихи сәт болып жатыр. Бүгін өз таңдауымды жасадым. Менің ойымша, сайлауға келу әрбір азаматтың борышы», – деді Алматы қалалық мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров.

«Бүгін – біз үшін тарихи күн. Таңдау жасау уақыты келді. Әркім өзі үшін таңдау жасайды», – деді әнші, халықаралық байқаулардың лауреаты Игорь Благодарный.

Новости партнеров