Әрбір азамат өтініш жасап, қандай да бір заң нормалары оның құқықтарын шектесе, өз қарсылығын айта алады
Референдум – әділдіктің үстемдігін орнататын қадам. Алматы қаласының мәслихат хатшысы Станислав Канкуров «Мемлекет басшысы сот шешімдерінің заңды түрде әділ болуын қамтамасыз ететін қадамдарды айтты» деп жазды Instagram парақшасында, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәслихат хатшысының айтуынша, бұрын тек Мемлекеттік органдар ғана жүгінетін Конституциялық кеңес болса, енді әрбір азамат өтініш жасап, қандай да бір заң нормалары оның құқықтарын шектесе, өз қарсылығын айта алады:
«Неліктен бірінші кезекте азаматтардың мүдделерін қорғайтын сот жүйесі, сондай-ақ заңдар кей жағдайда біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымызды бұзады? Заң нормаларын әртүрлі түсіндіру және қолдану тұрғындардың наразылығын тудыруда. Соттарда әділетсіздік фактілері орын алуда. Заңдардың кейбір нормалары азаматтардың мүддесін көздемейді немесе бір норма бір адамға басқаша, екінші адамға басқаша қолданатындай етіп жазылады. Егер заңдар дұрыс жазылмаса, біз қайда жүгіне аламыз? Мемлекет басшысы сот шешімдерінің заңды түрде әділ болуын қамтамасыз ететін қадамдарды айтты және ол үшін Конституциялық Сот институтын құру ұсынылды. Бұрын тек мемлекеттік органдар ғана жүгінетін Конституциялық Кеңес болса, енді әрбір азамат өтініш жасап, қандай да бір заң нормалары оның құқықтарын шектесе, өз қарсылығын айта алады. Менің ойымша, бұл қадамдар әділеттіліктің шынайы үстемдігіне әкеледі»