Бостандық ауданы тұрғындары қалай дауыс беріп жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
254 участок бойынша 1739 адам тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық кітапханада басқа учаскелерге қарағанда ерекшелік байқалады. Қызметкерлер Референдумға келген көпшілікті күймен қарсы алып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жай күй емес, қазақтың рух беретін, ерекше рухани күш сыйлайтын керемет күйлері қойылып жатыр. Айта кетейік,  254 участок бойынша 1739 адам тіркелген. Адамдар өздерінің мекенжай анықтамасы бойына келіп дауыс беріп жатыр. Осы уақыт бойынша тізімдегі жалпы тұрғын санының 30 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерген. Бұл түске дейінгі ғана көрсеткіш. Бұл сан әлі де өседі дейді комиссия мүшелері.

«Бүгінгі күн өте маңызды. Мен алғашқы қадам, таңдауымды жасадым», – деді қала тұрғыны Қайыртай Шегіров.

Рефрендум учаскелері жұмыс істеп тұрғанына 8 сағаттан асты. Қала тұрғындарының референдумға келу қарқыны арта түсті. Тағы бір айта кететін жайт, кітапхана қызметкеркелері ең алғаш дауыс бергендерге, яғни, 18 жасқа толып, саяси науқанға бірінші рет келген жасөспірімдерге арнайы сыйлық та дайындаған. Жай сыйлық емес, баға жетпес асыл әдебиетіміздің көркем шығармаларын тарту етіп жатыр.  

Новости партнеров