Конституция мүддемізді қорғағандықтан, халық референдумға қатысуы керек – Шаяхмет Алжанбаев

Almaty.tv
Almaty.tv
Жазушылардың айтуынша, референдумда дауыс беру халықтың саяси аренадағы салмағын айқындайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Конституциялық реформа биліктің өкілді тармағын айтарлықтай күшейтеді. Әрі мәслихаттың ықпалын арттырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Алдағы референдумда  жұртқа ұсынылатын басты өзгерістердің қатарында осы сайлау моделі болмақ. Бұл дегеніміз мемлекет басшысы айтқандай, Мәжіліс пен облыстық мәслихат депутаттарын сайлаудың мажоритарлы-пропорционалды моделі енгізіледі деген сөз.

«Ең бірінші халық бар күшін сайлауда пайдала алады. Мажоритарлық сайлау дейді ғой, партиялық тізіммен немесе  басқа жолымен  емес, өз еркімен сайланатын құқық берілсе, келешекте біздің Парламенттің құрамы халық қалаулылары болады деп сенемін», – деді  ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айсұлу Қадырбаева.

Референдум – демократияның негізгі институты. Мемлекеттік маңызы бар мәселелерге қатысты халықтың пікірі ескеріледі. Осы себептен де Президент Конституциялық өзгерістер бойынша референдум өткізетінін айтқан еді. Ал оған белсенді қатысып, тиісінше дауыс беру халықтың саяси аренадағы салмағын айқындайды.

«Конституция біздің мүддемізді қорғағандықтан, бүкіл халық референдумға қатысуымыз керек. Жалпыхалықтық референдумға шығарып отыр ғой. Қазір халықтың үнімен санасып жатыр. Сондықтан айтылған ойдың халыққа пайдасы тиеді деп ойлаймын», – деді ақын, Қазақстан авторлары қоғамының мүшесі Шаяхмет Алжанбаев.

Новости партнеров